Елордада «Тобыл» тор тулатпағалы талай заман өтіпті
Қостанайлықтар ішкі біріншілікте «Астанаға» қарсы соңғы рет ӘЧ-ның финалында Мессидің көз жасы төгілмей тұрып соңғы рет гол соғыпты.
Владимир Газзаев келгелі түрленіп сала берген «Тобыл» бүгін ҚПЛ-дың 7-ші турының аясында ел чемпионына қонаққа барады. Біріншілік басталғалы қостанайлықтар бірде-бір ойынды ұпайсыз аяқтаған жоқ. «Кайраттан» қайрат кеткен шақта интрига үшін «Тобылға» үміт басым. Жеңіске жетіп жатса «Астананы» қуып жетеді.
Бір қызығы, «Астанаға» «Тобыл» ыңғайлы қарсылас. Әсіресе, өз алаңында. Елордада қостанайлық ұжым соңғы рет осыдан бес жылдан астам уақыт бұрын қақпаны нәтижелі көздепті. «Ақтөбе» алтыннан алқа тағатын маусымда. Содан бері өткен бес кездесудің бәрінде «Тобыл» қонақта ұпай да еншілемеген, доп та қақпаға дарытпаған.