Меркельдің командасы жеңіліп қалды
Қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркель доп тебетін «Хераклес» командасы Голландия чемпионатының 32-турында «АЗ Алкмарға» қонаққа барды, деп жазады Prosports.kz.
Матч 2:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілді.
«АЗ» командасы сапынан Калвин Стенгс (8-ші минут) пен Альберт Гудмундссон (66-ші) гол соқты. Бұған қонақтар Брэндли Кувас (41-ші) соққан бір голмен ғана жауап қатты.
Меркель алаңда толық 90 минут өнер көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или