Кабананга «Астана» тарихындағы ТОП-10 ассистент тізіміне енді
Премьер-Лиганың 6-туры аясында «Астана» сырт алаңда «Қайрат» командасын 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
<span style="font-style: inherit;">Ойындағы жалғыз голды Жуниор Кабананганың нәтижелі пасын лайықты пайдаланған Дорин Ротариу соқты. Осылайша, конголық шабуылшы елорда командасы жейдесіндегі 12-ші нәтижелі пасын өз еншісіне жазды.</span>
<span style="font-style: inherit;">Жуниор осы көрсеткіштің арқасында Сергей Остапенко мен Рохер Каньясты қуып жетіп, клуб тарихындағы үздік ассистенттер тізімінде 10-шы орынды өзара бөлісіп тұр.</span>
<span style="font-style: inherit;">Үздік үштік: Фокси Кетевоама (51 голдық пас), Дмитрий Шомко (37), Марин Томасов (30).</span>
<span style="font-style: inherit;">Сондай-ақ, үздік ондыққа қазіргі құрамнан Серікжан Мужиков (27), Абзал Бейсебеков (17) және Роман Муртазаев (17) кіреді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или