Қонақтар күні

Қонақтар күні

Бүгін, 20 сәуірде футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 6-шы туры аясында алты кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жергілікті «Қайрат» өз алаңында ел чемпионы «Астананы» қабылдады. «Ел Классикасында» елордалық клуб жеңіске жетті. 

«Қайрат»  «Астана» 0:1 (0:1)

Гол: Ротариу 21

Қызылордада күш сынасқан «Қайсар» мен шымкенттік «Ордабасы» тең тарқасты.

«Қайсар»  «Ордабасы» 0:0 (0:0)

«Ертіс» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап, батыстық қонақтардан 1:0 есебімен жеңіліп қалды.

«Ертіс»  «Ақтөбе» 0:1 (0:1)

Гол: Айымбетов 12

«Тараз» өз алаңында қарағандылық «Шахтермен» күш сынасып, қонақтардан жеңіліс тапты.

«Тараз»  «Шахтер» 1:2 (1:2)

Гол: Ньюадзи 37 – Барановский 8, Шахметов 34

Қызыл қағаз: Пикалкин 60

Қостанайлық «Тобыл» мен талдықорғандық «Жетісу» де жеңімпазды анықтай алмады.

«Тобыл» – «Жетысу» 0:0 (0:0)

Өз алаңында ойнай алмай жүрген «Атырау» бүгін тағы да жеңілді. «Мұнайшылар» көкшетауық «Оқжетпеске» қарсы матчта 2:1 есебімен ұтылды.

«Атырау»  «Оқжетпес» 1:2 (1:2)

Гол: Иванчич 65 – Стоянович 5, Нөсербаев 32

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или