ҚПЛ. 6-тур матчтарының тікелей трансляциясы
20 сәуір футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 6-шы турындағы матчтар өтеді. Алты ойын да елорда уақытымен 17:00-де басталады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Турдың орталық матчы Алматыда өтеді. Жергілікті «Қайрат» өз алаңында ел чемпионы «Астананы» қабылдайды.
Ал Қызылордада «Қайсар» мен шымкенттік «Ордабасы» күш сынасады.
Қостанайлық «Тобыл» мен талдықорғандық «Жетісу» арасындағы ойынды да турдың маңызды матч деуге болады.
«Атырау» әлі де өз алаңында ойнай алмай жүр. «Мұнайшылар» көкшетауық «Оқжетпеске» қарсы матчты Шымкетте өткізеді.

Өткен турда ірі есеппен ұтылған «Ертіс» өз жанкүйерлерінің алдында барын салмақ. Павлодарға «Ақтөбе» қонаққа келеді.
«Тараз» өз алаңында қарағандылық «Шахтермен» күш сынасады.