Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Қазақстанға келді
«Астана» футбол клубы мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Мирослав Беранек Нұр-Сұлтанға келді.
Чех маманының елімізге не үшін келгені белгісіз. Бірақ, отандық ақпарат құралдары оның Премьер-лиганың бір клубымен келіссөздер жүргізіп жатуы мүмкін екенін жазуда.
Естеріңізге сала кетейік, Беранек Қазақстан құрамасын 2011-2013 жылдар аралығында баптаған болатын. Сондай-ақ 2012-2013 жылдары <span>«Астана» командасының</span> бас бапкері болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или