Еуропа лигасының жартылай финалына шыққан командалар анықталды
Футболдан Еуропа лигасы ширек финалының қарымта кездесулері өтті, деп жазады prosports.kz.
Лондонда «Наполиді» 2:0 есебімен жеңген «Арсенал» сырт алаңда да сыр алдырған жоқ. «Сан-Паоло» тағы жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды Александр Лякассет соқты.
Лиссабонда «Бенфикаға» 4:2 есебімен есе жіберген «Айнтрахт» өз алаңында бар өнерін көрсетті. Филип Костич пен Себастьян Роде соққан қос голдың арқасында 2:0 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Қорытынды есеп - 4:4.
Чехия жерінде 86-шы минутта Маркос Алонсо соққан жалғыз голдың арқасында жергілікті «Славия Праганы» зорға жеңген «Челси» өз алаңында да қарсыласын талқандай алмады. «Стэмфорд Бриджде» 4:3 есебі тіркелді. Осылайша «Челси» қос ойынның қорытындысында 5:3 есебімен келесі кезеңге өтті.
Ал испаниялық командалардың өзара кездесуінде «Валенсияның» жолы болды. «Вильярреалді» сырт алаңда 1:3 есебімен жеңген олар өз алаңындағы қарымта кездесуде 2:0 есебін тіркеді. Сөйтіп, еш қиындықсыз жартылай финалға жолдама алды.