Ел чемпионы кәсіпқой боксқа ауысты

Ел чемпионы кәсіпқой боксқа ауысты

Қазақстандық былғары қолғап шебері Абай Төлеш әуесқой бокстан кәсіпқойға ауысты.

2017 жылғы ел чемпионы мансабын кәсіпқой рингте жалғастыруды шешіпті. Ол әуесқойлар арасында ел чемпионы атанып, 2016 жылы ҚР Универсиадасында топ жарған. Жарылғапов және Нұрмағамбетов атындағы турнирлерде қарсылас шақ келтірмеді.

Ал халықаралық дәрежеде 2018 жылы Польша өткен турнирде күміс жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ Венгриядағы халықаралық бәсекеде үздік үштікке ілінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или