«Тоттенхэм» жорығын жалғастырады

«Тоттенхэм» жорығын жалғастырады

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалында екі ағылшын клубы кездескен: «Манчестер Сити» мен «Тоттенхэм».

<span>Қарсыластар бірінші таймның 12-ші минутына дейін төрт гол соғып үлгерді. Екінші кезеңде Серхио Агуэро таблодағы есепті 4:2-ге жеткізді. Тыңнан қосылған «Тоттенхэм» шабуылшысы Льоренте Аймерик Ляпорттың қателігін пайдаланып, есепті бір голға дейін қысқартты. Соңғы минутта Рахим Стерлинг кезекті мәрте мергендік танытқан, алайда оның голы есепке алынбады. </span>

<span>Осылайша, Маурисо Почеттиноның шәкірттері жартылай финалға жолдама алды.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или