«Астана» Ротариуді қанша ақшаға сатып алды?
Қазақстан чемпионы «Астана» румыниялық футболшы Дорин Ротариу үшін «Брюгге» клубына қанша төлегені белгілі болды.
Transfermarkt ақпаратына сүйенсек, «Астана» 23 жастағы жартылай қорғаушыны сапына қосу үшін 1,5 миллион еуроға шығындалған. Дорин Ротариумен еңбек келісімі 4 жылға жасалған. Ал бельгиялық «Брюгге» Доринді Бухаресттің «Динамосынан» 2,2 миллион еуроға сатып алған екен.
Айта кетейік, Дорин Ротариу Румыния құрамасында 5 матч өткізіп, 1 гол соқты. Ал «Астананың» сапында алты ойынға қатысып, үш гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или