«Аякс» екі бірдей тарихи рекорд жасады
Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан Амстердамның «Аякс» клубы екі бірдей тарихи рекорд жасады.
«Аякс» Чемпиондар лигасын іріктеу кезеңнен бастаған. Негізгі кезеңнің жолдамасы үшін Австрияның «Штурм» (2:0, 3:1), Бельгияның «Стандарт» (2:2, 3:0) және Украинаның «Динамо» (3:1, 0:0) командаларын жеңді. Осылайша, «Аякс» Чемпиондар лигасын іріктеу кезеңінен бастап, жартылай финалға дейін жеткен алғашқы команда атанды.
Оған қоса, <span>«Аякс» бір маусымда «Реал» мен «Ювентусты» сырт алаңда ұтқан алғашқы команда. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или