Қазақстандық футбол академиясы «Барселонаның» танымбелгісін рұқсатсыз қолданып келген

Қазақстандық футбол академиясы «Барселонаның» танымбелгісін рұқсатсыз қолданып келген

Каталондық «Барселона» өзінің танымбелгісін заңсыз қолданған Қазақстандағы футбол академиясына шағым түсірді.

Zakon.kz сайтының мәліметінше, каталондық клубтың өкілдері «Санлин» футбол академиясына қарсы сотқа дейінгі арыз жіберді. Алдағы 7 күннің ішінде «Барселона» танымбелгісін заңсыз қолданған футбол академиясы барлық әлеуметтік желілерінде, сайтында, «Камп Ноу» стадионының суреттерін, футбол жейделерін және спорттық киімдерді сатылымнан алып тастауы қажет.

Белгілі болғандай, расында «Санлиннің» «Барселона» балалар академиясымен келісімшарты бар. Алайда каталондық клубтың танымбелгілерін қолдануға рұқсат алмаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или