Украиналық БАҚ: Қазақ футболшысы таңғажайып гол соқты
Украиналық «Новости» сайты қазақстандық шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбайдың соққан голын назардан тыс қалдырмады.
«Аяқтың ұшымен соғылған таңғажайып гол» деп аталатын мақалада украиналық басылым былай деп жазыпты: «Қазақ футболшысы таңғалдырарлық шеберлігін көрсетті. Қазақстан чемпионатының 5-туры аясында «Астана» мен «Ордабасы» кездескен.
Бірінші таймның соңында «Ордабасының» украиналық футболшысы Кирилл Ковальчук сол қапталдан «Астананың» айып алаңына допты әуелетіп асырған. Тоқтар Жаңғылышбай допты өкшесімен тоқтатып, бір аяғының ұшымен 360 градусқа айналып, «Астананың» қақпасына дөп соққы жасады. Бұл әдемі гол таразы басын теңестірді — 1:1. Екінші таймда «Астана» жеңіліс голын соғып кетті— 2:1».
Бұған дейін беделді Eurosport басылымы Тоқтар Жаңғылышбайдың соққан голын даңқты футболшы Деннис Бергкамптың добымен салыстырған еді.