«Рома» ойыншыларына канадалық рэпермен суретке түсуге тыйым салды
Италиялық «Рома» футбол клубының басшылары команда ойыншыларына рэпер Дрейкпен бірге фотосуретке түсуге тыйым салды, деп хабарлайды prosports.kz.
«Барлық <span>«Рома» ойыншыларына</span> маусымның соңына дейін Дрейкпен суретке түсуге тыйым салынады», - деп жазды клуб Twitter-дегі ресми парақшасында.
Бұған себеп, соңғы кездері канадалық рэпермен суретке түскен футболшылардың командасы ұтыла беретін болды. Мәселен, онымен суретке түскен <span>Санчо («Боруссия»), Агуэро («Манчестер Сити») қатарлы ойыншылардың командасы жеңіліске ұшыраған еді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или