Eurosport Жаңғылышбайдың добын Бергкамптың голымен салыстырды
Танымал Eurosport басылымы қазақстандық шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбайдың соққан голын даңқты футболшы Деннис Бергкамптың добымен салыстырды.
«Қанекей, топ-клубтар назарыңды сал!
«Ордабасының» шабулшысы Тоқтар Жаңғылышбай «Астанаға» қарсы матчтан жанкүйерлердің көзайымына айналды.
25 жастағы шабуылшы тамаша гол соқты: қапталдан әуелетіп ұшқан допты өкшесімен әдемі тоқтатып, айналып, сол аяғымен қақпаны дәл көздеді.
Жаңғылышбайдың голы 2002 жылы Деннис Бергкамптың «Ньюкасл» қақпасына соққан голынан айнымайды», - деп жазды басылым.
<iframe width="820" height="461" src="https://www.youtube.com/embed/MPzgP6Is3H8" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>
<iframe width="512" height="288" src="https://www.youtube.com/embed/8xr0PvqH8GM" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>
Бұған дейін ресейлік Sports басылымы да Тоқтар Жаңғылышбайдың голына таңданысын білдірген еді.