Тоқтар Жаңғылышбай әдемі голы туралы: Ойлағанымдай болды

Тоқтар Жаңғылышбай әдемі голы туралы: Ойлағанымдай болды

«Ордабасы» шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай елордалық командамен өткен ойынның нəтижесі жайлы пікірімен бөлісті.

- Тоқтар, команда «Астанаға» қарсы соңына дейін күресті қорытынды есеп — 2:1. Ойын сен үшін қалай өтті?

- Иə, біз күрестік, бірақ бірнəрсе жетіспеді. Өкінішке орай, нəтиже көңілімізден шықпайды.

- Тізімде көптеген ойыншылар болмады: оның басым бөлігі ауырғандықтан ілікпеді. Мынандай қарсыласқа қарсы командадағы көшбасшыларсыз ойнау қиын болды ма?

- Иə, əрине, негізгі құрамның жарты ойыншыларынсыз ойнау ауыр болды. Біз бұған қарамастан, жас ойыншылармен «Астанаға» лайықты түрде қарсы тұрдық деп ойлаймын, Егер алаңда біздің негізгі ойыншылар болғанда біз жеңіске ұмтылатын едік.

- Сен маусымның əдемі голдарының бірін соқтың. Қалай болды?

- Мендегі алғашқы ой: допты тебу немесе қақпашыдан асырып салу болды. Бірақ мен доппен осылай тоқтатып, тебуді шештім жəне бəрі сəтті аяқталды. Қалай ойладым - солай болды деуге келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или