«Тобыл» клубтық рекордын жаңартты
Қостанайдың «Тобылы» Қазақстан чемпионаты тарихындағы өзінің жеке рекордын орнатты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.
Владимир Газзаев шәкірттері «Оқжетпесті» ұтып, маусымда басталғалы бесінші жеңісін тойлады. Бұған дейін 2006 жылы Дмитрий Огай баптаған команда маусым басындағы төрт ойында ұпай жоғалтпаған-тын. Айта кетейік, Огай шәкірттері 8 сәуір күні Павлодарда «Энергетик» клубынан 1:2 есебімен басым түссе, бір аптадан соң «Таразға» қонаққа барып, 2:3 есебімен ұтты. Мұнан соң қостанайлықтар өз алаңыда «Шахтер» мен «Атырауды» тізек бүктірді.
Тағы бір айта кетерлігі, 2006 жылғы маусым басында «Тобыл» 12 матч бойы ұтылмады.

Газзаев шәкірттерінің бұл көрсеткішті жақсартуға мүмкіндігі жетеді. Ендігі ойын 20 сәуірде «Жетісуға» қарсы өтеді.