Зайнутдиновтың клубы Ресей чемпионы атанбақ

Зайнутдиновтың клубы Ресей чемпионы атанбақ

Қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсететін «Ростовтың» президенті Арташес Арутюнянц клубтың мақсаты жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Бала кезімнен «Ростовтың» Ресей чемпионы болғанын қалаймын. Ал арман орындалуы тиіс. Қазір табыс көптеген факторға байланысты болуы мүмкін: сәттілікке, ойыншылар мен бапкерлік штабқа.

Алдағы бес жылда Карпинмен бірге Ресей чемпионы болғымыз келеді. Біз жақсы одақпыз», - деді Арутюнянц.

Айта кетейік, ресейлік «Ростов» сапында қысқы трансферден бері Бақтиер Зайнутдинов ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или