Роман Григорчук: Чемпиондық атақ ешқашан көптік етпейді
«Астана» Премьер-Лиганың бесінші туры аясында шымкенттік «Ордабасы» командасын қабылдап, тартысқа толы кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:
- Тоқтар Жаңғылышбай маусымның ең үздік голын соқты дей аласыз ба?
- Қарсылас команданың соққан голына келер болсақ, доп екі қорғаушының ортасынын өтіп кетті. Ал шабуылшы өз кезегінде өте сәтті ойнай білді.
- Бүгін неліктен Жуниор Кабананга алаңға шыққан жоқ?
- Біз шынын айтсам, соңғы сәтке дейін ол алаңға шығады деп күткен едік. Алайда, бірнеше күн бұрын өзін жайсыз сезінгендіктен, бүгін тәуекелге барған жоқпын. Ол жекелей жаттығу жұмыстарын жасағандықтан, жарақаты аса ауыр дей алмаймын. Алдағы ойында алаңға шығады деп сенемін.
- Муртазаев пенальти тепкен сәтте шешімді кім қабылдады?
- Ол команданың шешімі болды. Сондықтан, біз ешқандай жағдайда оған кінә арта алмаймыз.
- «Астананың» шабуыл шебінде үлкен мәселе бар сияқты. Мұны қалай шешу жоспарыңызда бар?
- Шабуыл шебінде жіберген қателіктерден бөлек, біз таза гол соғатын мүмкіндіктерді өз пайдамызға жарата алмай жатырмыз. Егер алғашқы таймда шабуылда дұрыс шешім қабылдаған кезде, барлығы басқаша болар ма еді.
- «Астана» бес дүркін ел чемпионы. Командаға жаңа серпін, эмоция жетіспейтін сияқты?
- Мен спортшы ретінде айтар болсам, чемпиондық атақ ешқашан көптік етпейді. Әр чемпиондыққа қол жеткізген сайын, әрі қарай оның санын ұлғайтуға тырысасың. Сондықтан да командаға жаңа серпін, эмоция жетіспейді деп айтпаған болар едім.
- Рангело Янга «Астана» командасының деңгейіне сай емес деген пікірмен келісесіз бе?
- Мен сізбен келіспеймін. Біз Рангеломен осы тұрғысында бірнеше мәрте тілдестік. Ол шабуылшы ретінде дәл қазір қиын кезеңді басынан өткеріп жатыр. Бүгін де оның гол соғатын мүмкіндігі болған. Алайда, кейде шабуылшылардың тепкен добы қақпаға бармайтын кездер болады. Осы орайда, мен оған барынша көмектесіп, сенім артып алаңда уақыт беріп жатырмын. Ол алдағы уақытта «Астана» сапында қажетті голын соғады деген сенімдемін.
- «Қайрат» бүгін «Жетісу» командасына ірі есеппен жеңілді. Осы жылғы чемпиондық тартыста «Астананың» басты бәсекелесі «Тобыл» және «Ордабасы» командалары болады дей аласыз ба?
- Алда барлық командалар ұпай жоғалтуы мүмкін. Сондықтан, бес турдан кейін мұндай пікір білдіру дұрыс емес деп ойлаймын. «Қайрат» - өз алдына жоғары мақсат қоятын, мықты команда. Олар міндетті түрде чемпиондыққа талас жүргізетін болады. Ал «Тобыл» мен «Ордабасы» чемпионатта жоғары орынға таласатыны сөзсіз. Оған қоса, фаворит командалардан ұпай алуға қауқарлы бірнеше ұжым бар.