Пелеге Сан-Паулуда ота жасалды
Бразилиялық футболшы Пелеге Сан-Паулудағы ауруханада несеп жолына ота жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Globo Esporte порталының хабарлауынша, «Футбол короліне» несеп жолына ота жасалған. 78 жастағы әйгілі аяқ доп шеберінің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ дейді дәрігерлер.
<span>Килиан Мбаппенмен болған кездесуден өзін жайсыз сезінген Пеле Париж ауруханаларының біріне түскен.</span>
- <span>Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) - әлемнің үш дүркін чемпионы, ФИФА нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың ең үздік футболшысы. Бразилия құрамасы сапында 92 ойын өткізіп, 77 гол салған.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или