Мане – АПЛ-дің наурыздағы үздік ойыншысы

Мане – АПЛ-дің наурыздағы үздік ойыншысы

Ливерпульдің шабуылшысы Садио Мане ағылшын Премьер-лигасының наурыз айындағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

27 жастағы вингер наурызда АПЛ-да бес матч өткізіп, 3 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанған.

Манеден бөлек бұл жүлдеге Эндрю Робертсон («Ливерпуль»), Бернарду Силва («Манчестер Сити»), Шеймус Коулмэн («Эвертон»), Джейми Варди («Лестер») мен Джеймс Уорд-Проуз («Саутгемптон») үміткер болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или