Яго Аспас: Погба мен Канте «Реалға» жарамайды

Яго Аспас: Погба мен Канте «Реалға» жарамайды

«Сельтаның» шабуылшысы Яго Аспас осы жазда мадридтік «Реалға» кімді сатып алған дұрыс екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Эден Азарды сатып алар едім, себебі Килиан Мбаппеге қарағанда оны алған оңайырақ. Поль Погба мен Н'Голо Канте ме? Олар «Реалға» жарамайды. Маған мадридтіктердің жартылай қорғаныс шебі ұнайды, мұнда әлем үздіктері жиналған. Оларда Испания құрамасында ойнайтын Даниель Себальос бар. Маған, мысалы, Погба мен Кантеге қарағанда Тьяго Алькантара ұнайды», - деді форвард.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или