Болгариялық БАҚ: Сейдахмет бір ай алаңға шыға алмайды
Topsport.bg ақпаратына сүйенсек, қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахметтің жарақаты ауырлау болып шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Алдын ала ақпарат бойынша, форвард бір ай алаңға шыға алмайды. Бұған дейін Еркебұлан санын жарақаттап алған еді. Бірақ оған ұзақ ем керек емес деп күтілген болатын.
Енді Сейдахмет Италиядағы ауруханалардың бірінде қалыпқа келеді.
Айта кетейік, қазақстандық футболшы «Левски» сапында енді «Лудогорец» және ЦСКА-ға қарсы ойнай алмайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или