Қазақстан кубогы ширек финалының жеребесі тартылды
Бүгін, яғни 12 сәуір күні Қазақстан Республикасы Кубогы 1/4 финалының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды prosports.kz.
Ширек финалға «Алтай», «Атырау», «Eртіс», «Қайрат», «Қайсар», «Ордабасы», «Тараз» және «Тобыл» командалары жолдама алған болатын.
Бүгін өткен жеребе нәтижесінде осы командалар ширек финалда кездесетін қарсыластарын білді.
Жеребе нәтижесі:
«Қайрат» (Алматы) - «Тобыл» (Қостанай)
«Тараз» (Тараз) - «Ордабасы» (Шымкент)
«Алтай» (ШҚО) - «Атырау» (Атырау)
«Ертіс» (Павлодар) - «Қайсар» (Қызылорда)
Айта кетейік, Қазақстан Кубогының 1/4 финалы аясындағы кезедсулер 8 мамырға жоспарланған. Матч әр жұпта жеребеде алғаш болып шыққан команданың алаңында өтеді.