Еуропа лигасы ширек финалдық кездесулер өтті
Футболдан Еуропа лигасы ширек финалының алғашқы кездесулері өтті, деп жазады prosports.kz.
Аталған турнирдің басты фавориттері Лондонда жолықты. <span>«Арсенал» өз алаңында «Наполиді» 2:0 есебімен жеңді. «Эмирейтсте» есеп ашқан Аарон Рэмси болатын. Ойынның 15-ші минутында алаң иелерін алға шығарды. Арада тура он минут өткенде Калиду Кулибали өз қақпасына гол соғып алды. </span>
Лиссабонда өткен «Бенфика» - «Айнтрахт» кездесуінде де жергілікті команда екі доп айырмасымен жеңіске жетті. «Эштадиу да Луш» стадионында алаң қожайыны <span>Жоау Фелиш өзі хет-трик орындап, оған қоса командаласы Рубен Диашқа голдық пас берді. Қонақтар сапынан Лука Йович пен Гонсалу Пасиенсия көзге түсті. Қорытынды есеп - 4:2.</span>
Чехияға қонаққа барған «Челси» <span>86-шы минутта Маркос Алонсо соққан жалғыз голдың арқасында жергілікті</span> «Славия Праганы» жеңіп қайтты.
Ал испаниялық командалардың өзара кездесуінде төрт гол соғылды. <span>«Валенсия» сырт алаңда «Вильярреалді» 1:3 есебімен жеңді. Қонақтар сапынан Гонсалу Гедеш дубль жасап, Даниэль Васс бір гол соқты. Алаң иелері бұған Санти Касорла соққан пенальтимен ғана жауап бере алды. </span>