Төрешіні балағаттаған Диего Коста 8 ойынға шеттетілді

Төрешіні балағаттаған Диего Коста 8 ойынға шеттетілді

«Атлетико» шабуылшысы Диего Коста 8 ойынға шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz порталы Marca басылымына сілтеме жасап.

Marca<span> мәліметінше, Коста арбитр Хесус Хиля Мансаноны балағаттағаны үшін 4 ойынға шеттетіледі.</span>

<span>Сонымен қатар, 30 жастағы шабуылшы алаңнан қуылу барысында төрешінің қолынан шап беріп ұстап алғаны үшін тағы 4 ойыннан аластатылды.</span>

<span>Диегоға 6010, ал мадридтік клубқа 2800 еуро көлемінде айыппұл салынды.</span>

  • 21-тур ойынында «Барселона» «Атлетико» (2:0) жеңді.
  • Коста алғашқы таймда алаңнан қуылды.
  • Испания чемпионаты-2018/19 аяқталуына дейін 7 матч өткізеледі.
  • Коста «Сельта», «Эйбар», «Валенсия», «Вальядолид», «Эспаньол», «Севилья» және «Леванте» клубтарына қарсы ойнамайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или