«Алтай» – «Астана» матчы жаңа рекорд орнатты

«Алтай» – «Астана» матчы жаңа рекорд орнатты

Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясында өткен «Алтай» – «Астана» матчында жаңа рекорд орнатылды.

Бірінші лигада ойнайтын «Алтай» ел чемпионы «Астананы» қабылдаған. Матч 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінен Әнуар Омашев гол соқса, «Астанадан» Серікжан Мужиков көзге түсті. <br /><br />Осылайша, матч пенальти сериясына ауысқан. Футбол лотереясында командалар 30 соққы жасады. Нәтижесінде «Алтай» қонақтарды 15:14 есебімен жеңді. Бұл Қазақстан футболының тарихындағы ең ұзақ пенальти атанды. Бұған дейін рекорд 15 (8:7) рет пенальти орындалған «Каспий» - ЦСКА матчына тиесілі болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или