Мужиков ТОП-10 сұрмергендер қатарына қайта оралды
«Алтайға» қарсы Қазақстан Кубогы аясындағы кездесуде «Астана» сапынан Серікжан Мужиков нәтижелі соққысымен көзге түсті.
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Осылайша, Мужиков елорда командасы жейдесіндегі 17-ші голын соғып, клуб тарихындағы 10 үздік сұрмергеннің тізіміне қайта оралды.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Серікжан осыған дейін бұл тізімде болғанымен, оны Марин Томасов ығыстырған еді. Мужиков өзі соққан 17 голмен Дамир Кояшевич және Рохер Каньяспен бір тізімде 9-10 орындарды өзара бөлісіп тұр.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Айта кетейік, клуб тарихындағы сұрмергендер көшін 69 гол соққан Патрик Твумаси бастап тұрса, екінші орында 54 голмен Таңат Нөсербаев. Үздік үштікті Жуниор Кабананга (41 гол) қорытындылап тұр.</span>