«Леганес» өз жанкүйерлеріне «Реалды» жеңсе жейделер сыйламақ
«Леганес» Испания чемпионаты аясында мадридтік «Реалмен» болатын матч алдында жанкүйерлеріне ерекше акция ұсынды.
8 мен 15 сәуір аралығында ресми дүкендерден жейде сатып алған «Леганес» жанкүйерлеріне егер жергілікті команда мадридтік команданы жеңетін болса, формаға құртқан ақшаларын толықтай қайтарып бермек. Әр жейде 54,99 еуро тұрады. Абонементі бар жанкүйерлер үшін 49,99 еуро.
«Леганес» Испания чемпионатының турнирлік кестесінде 11-ші орында. «Реал» үшінші орынға жайғасқан. Екі команда арасындағы матч 15 сәуір күні Леганесте өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или