Антон Цирин: Пенальти сериясы болады деп ойлаған жоқпыз
«Ертіс» ФК голкипері Антон Цирин «Ақтөбеге» қарсы ойыннан кейін баспасөз қызметіне сұхбат беріп, пенальти сериясындағы шешуші әрекеттері жайлы айтып өтті.

- Командаға бүгінгі ойында жеңіске жету мақсаты қойылды, сол себепті тыңғылықты дайындық жасадық. Матч барысында көптеген қателіктерге бой алдырдық. Бұл ретте, менің де кінәм бар. Өткізіп алған үш голдың, тым болмағанда біреуін қағу мүмкіндігі болды. Бір сәтте допқа жетуге өте жақын едім.

- Пенальти сериясы жайлы не ойлайсың? Оған дайындық болды ма?

- Пенальти сериясы болады деп ойлаған жоқпыз. Бұл жағдайда, көп нәрсе бабыңнан гөрі бағыңа байланысты. Пенальти сериясына тыңғылықты дайындалып, барлық соққыларды өткізіп алуың әбден мүмкін. Қуанышқа орай, бүгін біздің бағымыз жанды. Екі рет соққы бағытын дәл тауып, бір рет қарсыластың өзі қателесті. Және де жігіттер өз сәттерін дұрыс пайдаланды. Сондықтан бұл командалық жеңіс.

- Футбол сүйер қауымы үшін тартысты кездесу болды. Тіпті Қостанайда Павлодардан келіп қолдау көрсеткен азамат бар болып шықты.

- Иә, келісемін. Жанкүйерлер үшін өте қызықты ойын болғаны анық. Алаңға келіп, қолдау көрсеткен жігіт жайлы айтатын болсақ, оған шексіз алғыс білдіреміз. Қашықтық өте үлкен, сол себепті бұл құрметтеуге лайықты әрекет. Жалпы өз стадионымызда, елордамызда бізге қолдау көрсетуге келетін барша жерлестерімізге алғыс айтамын. Шынымен де, олардың демеуі қатты көмектеседі. Сіздерге рахмет!

- Бірнеше күннен кейін «Шахтерға» қарсы матч өтеді.

- Әрине, ол матчқа дейін уақыт аз. Бүгін негізгі уақыт аясында жеңіске жеткіміз келді, бірақ болмады. Қосымша уақыт, пенальти сериясы қосымша күш пен қуатты талап етеді. Енді тез арада қалпына келіп, бабымызда болуға тырысамыз. Кезекті ойын да біз үшін аса маңызды. Бізге керегі тек жеңіс!