«Ақтөбе» - «Ертіс»: Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды

«Ақтөбе» - «Ертіс»: Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды

футболдан ҚР кубогының 1/8 финалы аясында «Ақтөбе» мен «Ертіс» командалары кездесті, деп хабарлайды prosports.kz.

Қостанайдағы «Тобыл Аренада» өткен ойын тартысқа толы болды. Командалар әр таймда бір-бір голдан соғып, 90 минутты 2:2 есебімен аяқтады. Ал ойынға қосылған қосымша уақытта тағы да бір-бір голдан соқты.

Сөйтіп кездесу пенальти сериясына ұласқан. Ойын барысында үш рет жеңіліп жатып есепті теңестірген ақтөбелік команданың 11 метрлікте жолы болмады. Матч қаһармандарының бірі Абат Айымбетов пен команда капитаны Виталий Волков мүлт кетті.

Қазақстан кубогы. 1/8 финал

«Ақтөбе» - «Ертіс» - 3:3, пенальти (1:3)

Гол соққандар: Абат Аймбетов 27, 64, Хрвое Миличевич 111 - Роджер Каньяс 17, Станислав Лунин 51, Каспарс Дубра 105

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или