Аргентина құрамасының бапкерін көлік қағып кетті

Аргентина құрамасының бапкерін көлік қағып кетті

Аргентина құрамасының бапкері Лионель Скалони велосипедпен келе жатқанда оны автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Маман ауруханаға жеткізілген, бірақ ауыр жарақаттанбаған ол үйіне қайтарылды.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, оны қағып кеткен жүргізуші бірден жедел жәрдем шақырған.

Жүргізуші автокөлікпен артқа жүріп бара жатқанда Скалониді байқамай қалған.

Скалони Аргентина құрамасын 2018 жылдың жазынан бері баптап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или