ЧЛ: «Ливерпуль» – «Порту» кездеседі
Бүгін УЕФА чемпиондар лигасының ширек финалдық бәсекелері басталады. Сейсенбінің кешінде «Тоттенхэм» мен «Манчестер Сити» Лондон командасының су жаңа стадионында өзара кім мықтыны анықтайды.
<span> Англияның чемпиондар лигасындағы тағы бір клубы «Ливерпуль» «Портуды» қабылдайды. Қазір ағылшын командасы үшін шешуші кезең. Юрген Клопп шәкірттері Еурокубок додасынан бөлек, Премьер-лигада «Манчестер Ситимен» чемпиондық атаққа таласып келеді. «Ливерпуль» үшін ішкі біріншілікте топ жару маңызды екені белгілі. Жанкүйерлер де соны қалайды. Алайда былтыр чемпиондар лигасының финалына дейін жеткен команда сол жетістікті қайталауды теріс көрмейді. «Ливерпуль» сапында қорғаушы Робертсон алаңға шықпайды. «Порту» Эррера мен Пепеге сенім арта алмайды.</span>