Төрешіні балағаттаған Диего Коста 8 ойынға шеттетілуі мүмкін
Мадридтік «Атлетико» шабуылшысы Диего Коста 8 ойынға шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz порталы Marca басылымына сілтеме жасап.
Marca мәліметінше Коста арбитр Хесус Хиля Мансаноны балағаттағаны үшін 4 ойынға шеттетіледі. 30 жастағы шабуылшы алаңнан қуылу барысында төрешінің қолынан шап беріп ұстап алғаны үшін тағы 4 ойыннан аластатылмақ.
- 21-тур ойынында «Барселона» «Атлетико» (2:0) жеңді.
- Коста алғашқы таймда алаңнан қуылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или