1 жыл ішінде ҚПЛ 20 млн еуроға қымбаттады

1 жыл ішінде ҚПЛ 20 млн еуроға қымбаттады

Transfermarkt.de порталы Қазақстан Премьер-Лига ойыншыларының барлығының құны 125 млн еуро құрайтынын есептеп шығарды. 

2018 жылдың сәуірінде ҚПЛ ойыншыларының жалпы құны шамамен 106 млн құраған болатын.

Андрей Аршавин, Исаэл, Ричард Алмейда және Бахтиер Зайнутдинов секілді ойыншыларымыз ҚПЛ сапынан кетсе де, отандық лига футболшыларының құны өскен.

Ең қымбат клуб тізімінде «Астана» (22,28 млн еуро) көш бастап тұр. Нұрсұлтандық клуб сапындағы ең қымбат ойыншы - Марин Томасов (3 млн еуро). Чемпиондардан кейін «Қайрат» (€ 18,93 млн) пен «Ордабасы» (€ 14,95 млн) клубтары жайғасқан. Transfermarkt.de мәліметінше, ойыншылары арзан клуб «Атырау» (€ 5,55 млн) екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или