Қазақстандық футболшы еуропалық клуб сапында өткізген алғашқы матчында гол соқты

Қазақстандық футболшы еуропалық клуб сапында өткізген алғашқы матчында гол соқты

Күні кеше литвалық «Стумбрас» клубына ауысқан қазақстандық жартылай қорғаушы Демият Сламбеков алғашқы матчында гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Демият Сламбеков жаңа клубының жастар командасы сапында Литва 1 лигасы аясында өткен «Вилниусқа» қарсы матчтың (3:2) екінші таймында алаңға шығып, 84-ші минутта гол соқты. Осылайша, командасынан жеңілістен аман сақтап қалды.

<iframe width="1479" height="557" src="https://www.youtube.com/embed/6uDgaf48Tjw" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

Айта кетейік, 22 жастағы футболшы соңғы рет талдықорғандық «Жетісу» сапында өнер көрсеткен. Оған дейін Сламбеков көкшетаулық «Оқжетпес» және астаналық «Бәйтерек» клубтарында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или