Григорий Сартаков «Тобыл» сапынан кетті
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Григорий Сартаков қостанайлық «Тобыл» сапынан кетті, деп хабаралайды Prosports.kz порталы.
Өткен маусымда Сартаков «Тобыл» сапында үш матч өткізді.
Маусымды аяқтауға футболшының алған жарақаты кедергі жасады. Жақын арада қорғаушы ота жасатпақшы.
Григорий қостанайлық клубтан бөлек, семейлік «Спартак» және павлодарлық «Ертіс» сапында ойнаған.
Қазақстан жастар құрамасында 26 матч бой көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или