Жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы еуропалық клубқа ауысты

Жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы еуропалық клубқа ауысты

Қазақстандық жартылай қорғаушы Демият Сламбеков литвалық «Стумбрас» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

22 жастағы футболшы соңғы рет талдықорғандық «Жетісу» сапында өнер көрсеткен.

Оған дейін Сламбеков көкшетаулық «Оқжетпес» және астаналық «Бәйтерек» клубтарында ойнаған. 

Естеріңізге сала кетейік, Сламбеков - «Оле Бразил» академиясының түлегі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или