«Астана» жанкүйерлері наурыз айының үздігін анықтады
«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер наурыз айының үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады.
2019 жылдың наурыз айында Роман Григорчук шәкірттері төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оған қоса, Қазақстан Суперкубогы үшін өткен ойында алматылық «Қайраттан» басым түсті.
Команда наурыз айында 10 гол соқты. Ал хорватиялық жартылай қорғаушы Марин Томасов 2 гол соғып, 5 нәтижелі пас беріп соғылған 10 голдың жетеуіне өз үлесін қосты. Осылайша, Марин жанкүйерлер тарапынан 38,07% дауыс жинап наурыз айының үздік ойыншысы атанды.
Екінші орынды Дорин Ротариу иеленді. Команда құрамына қысқы үзілісте қосылған жаңа ойыншы «Астана» сапына тез сіңісіп, «Жетісуға» қарсы кездесуде елорда командасы жейдесіндегі алғашқы голын соққан болатын.
Үздік үштікті Ненад Эрич қорытындылады. «Астана» қақпашысы төрт ойынның екеуінде қақпасын «құрғақ» сақтап қалды.
Үздік бестік:
1.Марин Томасов 38,07%
2.Дорин Ротариу 16,49%
3.Ненад Эрич 13,38%
4.Жуниор Кабананга 9,32%
5.Роман Муртазаев 6,98%
Сауалнамаға 3 767 адам қатысты.