«Астана» оқ бойы озық тұр
Қазақстан премьер-лигасының 18-турының алдыға жылжытылған «Астана» - «Атырау» матчында елордалықтар сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Чемпионаттағы өзара соңғы кездесулері:
26.09.18 «Атырау»-«Астана» - 0:1
28.07.18 «Астана»-«Атырау» - 2:0
13.05.18 «Атырау»-«Астана» - 0:2
Елордада өткен матчта алаң қожайындары алғашқы минуттан қарсыласының қақпасынан саңылау табуға тырысты. Ойын басталғаннан соң 17 өткенде «Астананың» мергені Жуниор Кабананга есепті ашты. Ал бірінші тайм аяқталуға жақын қалғанда Дорин Ротриу есепті еселей түсті.
Кездесудің екінші бөлігі басталғаннан соң санаулы минуттардан кейін Абзал Бейсебеков «Атыраудың» қақпасына үшінші голды тоғытты. Ал қонақтар бұған тек Ринат Джуматовтың голымен жауап қайтара алды.
Осылайша, бұл жеңісінен соң Роман Григорчуктың командасы жарыс кестесінде 12 ұпаймен көш бастады. «Атырау» болса 9-сатыға жайғасты. Айта кетейік, қос команда өзге клубтардан бір матч артық өткізді.
Қазақстан чемпионаты. 18-тур. Алға жылжытылған ойын
«Астана» - «Атырау» 3:1 (2:0)
Голдар: 17 Кабананга, 40 Ротариу, 49 Бейсебеков - 85 Джуматов
«Астана»: Ненад Эрич (Қ) (К) - Дмитрий Шомко, Марин Аничич, Евгений Постников, Антонио Рукавина - Иван Маевский, Юрий Перцуx, Дорин Ротариу - Марин Томасов, Роман Муртазаев, Жуниор Кабананга.
Қосалқы құрам: Александр Мокин (Қ), Станислав Павлов (Қ) - Абзал Бейсебеков, Лука Шимунович - Дидар Жалмұқан, Серікжан Мужиков, Султан Сагнаев - Владислав Прокопенко, Рангело Янга.
Бас бапкер: Роман Григорчук.
«Атырау»: Владимир Логиновский (Қ) (К) - Андрей Шабаев, Дәурен Мәжитов, Ивица Жунич, Ризван Аблитаров, Қуаныш Қалмуратов - Ринат Джуматов, Дәурен Кайраллиев, Эдуард Сергиенко, Андрей Ткачук - Алексей Родионов;
Қосалқы құрам: Нұрболат Калменов (Қ), Александр Заруцкий (Қ) - Эльдар Абдрахманов, Қуаныш Ельтезеров - Владимир Воменко, Айболат Макуов, Рафаиль Оспанов - Дарко Бьедов.
Бас бапкер: Виктор Кумыков.
Төрешілер: Айдын Рахымбаев (Алматы), Дулат Советханұлы (Семей), Ардақ Дауанов (Алматы)
Резерв төреші: Георгий Чеховский (Нұр-Сұлтан)
Инспектор: Юрий Ярышев (Павлодар)
Нұр-Султан, «Астана Арена» стадионы