«Манчестер Юнайтед» жазда Джейдон Санчоны сатып алады

«Манчестер Юнайтед» жазда Джейдон Санчоны сатып алады

«Манчестер Юнайтед» футбол клубы жазғы трансферлік ауысым кезінде жас футболшы Джейдон Санчоны сатып алуды жоспарлап отыр, деп жазады prosports.kz.

Қазір «Дортмунд» сапында доп теуіп жүрген <span>19</span><span> жастағы ойыншы үшін МЮ командасы 100 млн фунт (120 млн еуро) жұмсауға дайын.</span>

<span>Айта кетерлігі, Санчо тағы бір манчестерлік команда «Манчестер Ситидің» тәрбиеленушісі. «Боруссияға» 2017 жылы дәл осы командадан ауысып келген. Германиялықтар сол кезде бар болғаны 8 млн еуро шығындалған.</span>

<span>Егер МЮ Сансоны сатып алар бола, «қалалықтар» қосымша он миллион еуроға ие болады. Себебі, келісімшарт бойынша, «Дортмунд» Санчоны сатқан кезде оның бұрынғы командасы 15%-ын алады деп жазылған. </span>

Санчо қазіргі командасы сапында 48 матчқа қатысып, 10 гол соқты және 22 голдық пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или