БАӘ чемпионатында өте қауіпті фол орын алды

БАӘ чемпионатында өте қауіпті фол орын алды

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі қала Дубайда футбол матчы кезінде қорқынышты эпизод орын алды, деп жазады Prosports.kz.

Қапталдағы допқа талас кезінде қорғаушы ойыншы қарсыласын қатты итеріп, жасыл алаңның шетіне шығарып жіберді. 

Қатты жылдамдықпен жүгіріп бара жатқан шабуылдаушы ойыншы қарсыласының жойқын соқысынан кейін өз денесін билей алмай, алаң жиегіндегі бағанаға соғылды.

Жарақат алған футболшы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде оның денсаулығы туралы жаңалық жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или