Станислав Лунин: Нәтиже көңіл көншітпейді

Станислав Лунин: Нәтиже көңіл көншітпейді

«Ертіс» клубының жартылай қорғаушысы Станислав Лунин «Қайсарға» қарсы өткен матч жайлы өз пікірін білдірді.

Еске сала кетейік, ойыншы матчтың 37-ші минутында жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды.

- Ойын жайлы не айтасың? Командамызға не жетіспеді?

-Бірінші кезекте, нәтиже көңіл көншітпейді. Бізге динамика, жылдамдық, шабуылдағы агрессия жетіспеген сыңайлы. Алаңда қысым көрсету қажет болды. Осы бағытта ойынымызды жақсарту керек. Кездесу барысында басымдылыққа ие болып, бірқатар қауіпті сәттерді ұйымдастыра алдық. Гол соқпағанымыз қынжылтады. Стадионға келген барша жанкүйерлерге алғыс айтамын. Командаға әлі де қолдау көрсетесіздер деп сенемін. Біздің ұжым жаңадан жиналды, команда жақсы ойыншылардан тұрады деп ойлаймын. Сол себепті жоғарыда айтып өткен бағытта жұмыс жасасақ, жанкүйердерді өз ойын өрнегімізбен және жеңістерімізбен қуантамыз.

-Жарақаттан кейін денсаулығың қалай?

- Әзірше нақты ештеңе айта алмаймын. Қарсылас команда ойыншысы тіземе құлады. Қазір тексерілістен өту қажет, содан кейін белгілі болады. Құдайға шүкір, өзімді жақсы сезінемін. Тез арада сауғып, келесі ойынға дайын болуға тырысамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или