«Қайрат» Черногория құрамасының ойыншысын сатып алды
Германияның атақты transfermarkt.de сайтының мәліметіне сенсек, алматылық «Қайраттың» құрамы тағы бір легионермен толықты, деп жазады prosports.kz.
Сербиялық «Партизан» командасы мен Черногория ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Небойша Косович енді «Қайрат» сапында доп тебеді. Келісімшарт екі жылға жасалған.
Transfermarkt.de сайтының жазуынша, алматылы клуб Косовичты 450 мың еуроға сатып алған. Ал оның трансфер нарығындағы бағасы 750 еуро.
24 жастағы футболшы «Партизанға» 2015 жылы Бельгияның «Стандардынан» ауысып келген. Осы маусымда Сербия чемпионатында 19 матчқа қатысты.
Сонымен қатар, Черногория құрамасы сапында Ұлттар лигасы және ЕУРО-2020 іріктеу кезеңі аясындағы ойындарға қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или