«Бавария» басты қарсыласын алға жіберді

 «Бавария» басты қарсыласын алға жіберді

Мюнхендік "Бавария" Германия чемпионатының кезекті турында сырт алаңда "Фрайбург" командасымен тең түсіп, негізгі бәсекелесі "Боруссия Дортмунд" командасын турнир кестесінде алға жіберді.

Матчағы есепті бірінші болып, алаң қожайындары ашты. Кездесудің небәрі 3-ші минутында Лукас Холер командасын алға шығарды. "Бавария" 22-ші минутта Роберт Левандовскийдің көмегімен тараз басын теңестірді. Матч бойы қонақтар шабуылдаумен болды, алайда жеңіске жете алмады. Осы кездесумен қатар өткен ойында Боруссия Д командасы "Вольфсбург" командасын қабылдап, 90 минут бойы екі команда есепті аша алмады. Тек қосымша уақытта алаң иелері екі гол соғып, жеңісті жұлып алды. Турнир кестесінде "Боруссия Д" "Баварияны" екі ұпайға артқа қалдырды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или