Месси: Балам Аргентинада мені не үшін өлтіргісі келетінін сұрады
Әлемнің үздік футболшыларының бірі Лионель Месси Аргентина құрамасы сапындағы ойыны үшін сын есту қиын екенін мәлімдеді.
- Баламның <span>YouTube-қа кіріп, видео көргенде жүрегім ауырады. Ол менен Аргентинада мені не үшін өлтіргісі келетінін сұрады. Бірақ маған ұлттық құраманың сапында ойнаған ұнайды. Оның сапында жүлдеге қол жеткізсем деймін. Бұған дейін біз әлем чемпионатының финалына шыққан болатынбыз. Бұл оңайға түскен жоқ, - деді Месси Goal басылымына берген сұқбатында.</span>
<span>Айта кетейік, «Алтын доптың» бес дүркін иегері Аргентина құрамасының сапында 129 ойынға қатысып, 65 гол соққан. Алайда әлі күнге дейін бірде-бір жүлдені жеңіп алмады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или