Қазақстандық футболшы туған ағасының командасына ауысты
Қазақстандық футболшы Пірәлі Әлиев мансабын «Қызыл-Жар» командасында жалғастырады.
35 жастағы футболшы петропавлдық клубпен келісімшартқа отырып, 5-ші нөмірді алған. Айта кетерлігі, бұл ұжымды футболшының туған ағасы Әли Әлиев жаттықтырады.
Естеріңізге сала кетейік, Пірәлі Әлиев мансабында «Астана» («Жеңіс»), «Қайрат», «Жетісу», «Астана» («Локомотив»), «Тобыл» және «Ордабасы» командаларында доп тепкен. Соңғы үш маусымды «Ертістің» сапында өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или