Роналду «Аякске» қарсы алғашқы матчқа қатыспауы мүмкін

Роналду «Аякске» қарсы алғашқы матчқа қатыспауы мүмкін

«Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының ширек финалында «Аякске» қарсы алғашқы матчқа қатыса алмауы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бүгін 34 жастағы шабуылшы Туринде тағы бір медициналық тексерістен өткен. Португалиялық футболшы Италия чемпионатының алдағы екі турына қатыса алмайды. Яғни, ол «Эмполи» мен «Кальяриге» қарсы ойнай алмайды. Енді ол А Сериясының 31-турында «Миланға» қарсы және Чемпиондар лигасының ширек финалында «Аякске» қарсы алғашқы матчқа қатыса алмауы да мүмкін.

Айта кетейік, Роналду Португалия құрамасы сапында Еуропа чемпионатының іріктеу матчында жарақаттанып қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или