Беларусьта 15 матч келісілген болып шықты
Беларусь ІІМ ұйымдастырылған қылмыс және парақорлықпен күрес басқармасының қызметкерлері елдің футбол лигаларында 15 матчтың келісілгенін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«15 матчтың келісілгені расталды, әлі 29 ойынға күмән түсті, қазір олар тексеріліп жатыр», - деді басқарма басшысы Михаил Бедункевич.
Оның айтуынша, қылмыстық істі тергеу барысында 2017/18 жылғы маусымдағы келісілген ойындарға жоғары, бірінші және екінші лига клубтарының қатысы бар екені анықталды.
Кей ойындарында кездесудің келісілгенін 10 футболшыға дейін білген. Бірнеше адам кінәсін мойындады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или