«Реал» жазда трансферге 500 миллион еуро жұмсамақ

«Реал» жазда трансферге 500 миллион еуро жұмсамақ

Мадридтік «Реал» жазғы трансфер кезеңінде команданы күшейту үшін жарты миллиард еуро жұмсамақ, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жазда корольдік клуб өз құрамына бірнеше жұлдызды қосуды жоспарлап отыр. Үміткерлер тізмінде «ПСЖ-да» ойнайтын Килиан Мбаппе, «Челси» ойыншысы Эден Азар, «Манчестер Юнайтед» хавбегі Поль Погба, «Ливерпуль» шабуылшысы Садио Мане бар.

Биыл наурызда команда тізгінін қайтадан Зинедин Зидан ұстаған болатын.

«Реал» қазір Испания чемпионатында үшінші орында келе жатыр. Команда Чемпиондар лигасы мен Испания кубогынан ұшып кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или